Оқу жұмыс бағдарламасы

 

«Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша

050102-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Оқу түрі: күндізгі   

Курс :______________________________________3

Семестр:  __________________________________5

Кредит саны :_______________________________3

Дәріс:  _____________________________________30 сағат

Практикалық сабақ:__________________________

Лабораториялық сабақ:________________________15 сағат

Оқытушымен студенттердің өзіндік жұмысы 45 сағат (22.5 ауд.+22,5 ауд.т)

Студенттердің өзіндік жұмысы:_________________45 сағат

Барлық сағат  135сағат

Сынақ -    ,емтихан   

Курстық жұмыс -

Аралық бақылау саны :_________________________2

Қорытынды бақылау түрі __емтихан

 

 

 

 

1. Курсты оқыту мақсаты, міндеттері мен оқу жүйесіндегі орны.

    050102- ,, Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі,, мамандығы бойынша мамандар дайындау мақсаты бастауыш мұғалімдерінің жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру

1.1. Курстың  мақсаты:

-Жаратылыстану циклінен алған білімдерін пайдалана отырып дүниетану пәнінен болашақ мұғалімге қажетті білім мен білікті қалыптастыру;

-Мектептегі дүниетану пәнінің білімділік және тәрбиелік мүмкіндігін ашып көрсету. Қоршаған ортаны оқыту процесінде барлық табиғат құраушы элементтер және құбылыстар, олардың бір-бірімен үйлесімділігін жете білу,экологиялық тәрбие беру.

1.2 Курстың міндеттері:

-         Студентерге  табиғат әлемінің  біртұтастығын  үйрету  әдістемесі

-         Табиғатты құраушы элементтерді жан-жақты зерттеу, олардың құрылысын, көп түрлілігін, тіршілік әрекетін, таралуын және экологиясын түсіндіру.

-         Табиғат элементтерін  қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды үйрету.

-         Табиғат зерттеушілермен оның әдістемесінің даму кезеңдерін үйрету.

-         Дүниетану пәнін оқыту  әдіс-тәсілдерін, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдарын үйрету

1.3. Бұл курсты меңгеру үшін қажетті басқа пәндер тізімі:

Педагогика, дидактика, психология, ботаника, зоология, жертану, экология, еңбек,жас ерекшіліктер физиологиясы және гигиенасы.

 

  1. Оқу жұмыс бағдарламасынан көшірме

Семестр

Кре

дит саны

Ап

та саны

Сабақ түрі, уақыт бюджетінің  бөлінуі.

 

 

 

Барлы

ғы

Дәріс

Прак.

 

Лаб

ОСӨЖ

СӨЖ

Қорытын

 ды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

5

3

15

135

30

 

15

45 (22,5а.+

22,5 а.т.)

45

емтихан

 

3. Пән   мазмұны 

Модуль,бөлім,тақырыптар аты, олардың негізгі мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

Модуль,бөлім,

тақырыптар бойынша сағат саны

Проблемалық  жағдаяттар

Әдебиеттер

 

Студент нені меңгеруі керек

 

 

 

 

Дәріс

Лаборатор.

ОСӨЖ

СӨЖ

                              1

2

3

4

5

6

7

8

Модуль 1. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы пәнінің мақсаты мен міндеті. «ДОТмТ» пәнінің зерттеу әдістері, басқа ғылымдармен байланысы. «ДОТмТ» оқу пәні. Оның негізгі компоненттері.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

№1

1-3,5-9

 

Жаратылыстану пәнінің бағытын, негізгі компонент

терін  меңгеру

 

Жаратылыстану пәнінің негізгі бағыты және даму тарихы, кезеңдері. XVIII ғасыр-жарат. пәнінің оқу пәні ретінде енгізілуі. Академик В.Ф.Зуев- жарат. әдіст. негізін салушы, еңбектері, әдістемелік ұсыныстары. XIX ғасырдағы А.Я.Гердтің жарат. пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері. Д.Н. Кайгородов, В.В.Половцев  еңбектері.

Кеңес дәуірі Б.Е. Райковтың, И.И. Полянскийдің, Н.К.Крупскаяның, К.П. Ягодовскийдің әдістемелік еңбектері.

Қазіргі кезеңдегі дамуы. М.Н.Скаткин, П.П.Завитова, З.А. Клепининаның жаратылыстану. пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері

ҚР-ның ғалым әдіскерлері-Т.Мұсақұлов, Б.В.Мұқанов, Қ.А.

Аймағамбетова, К.Жүнісова, т.б. еңбектері Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешен дері, олардың ролі, маңызы

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

4

№2

1-3,5-9

 

Жаратылыстану пәнінің негізгі бағыты және даму тарихи кезеңдерін және ғылымның бастауыш мектепте жүргізілуі мен негізгі идеялық құндылығын меңгереді. Алғашқы революциялық, кеңестік кезеңдерге сәйкес еңбектер мен оқулықтар жайлы білім қалыптасады.

Қазіргі кезеңгі білім рефомаларымен салыстыра талдау біліктілігін меңгереді

Дүниетану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі

Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер: жүйелілігі, ғылыми лығы, түсініктілігі, дәйектілігі. Оқу пәні мазмұнының басқа пәндерден ерекшелігі мазмұнына байланысты, оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер. Дүниетану пәнінің мазмұнының ерекшелігі: өлі табиғат пен тірі табиғат байланысы; адамның органикалық дүниедегі орны, адамның қоғамдағы, отбасындағы орны, қоғамдағы байланыстары

2

1

3

4

№3

1-3,5-9

 

Пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер мен оның басқа пәндерден еркшеліктерін, пәннің мазмұнының ерекшелігін білу

Оқушыларды жан-жақты тәрбие леудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің ролі. Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, сани тарлы-гигиеналық, еңбекке тәр биелеу. Оның оқу пәнінің мазмұнындағы мүмкіндігін көрсету.

2

1

1

2

№4

1-3,5

Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктерін, оқыта отырып тәрбиелеу жолдары мен принциптерін білу.

Оқушының пәндік компитент тілігін (құзіреттілігін) қалып тастыру.

Пәннің мазмұнына байланысты  дүниетанымдық ұғымдар мен көзқарасты қалыптастыру жолдары. Дүниетанымдық білімнің маңызы, оны күнделікті өмірде қажеттілігі, әр түрлі құбылыстар аралығындағы байланысты көруге, білім біртұтастығын қалыптастыру негізінде оның маңыздылығын көрсету. Оқушыда ақпараттық мәдениет, өз бетімен жұмыс істей білу, ойлай білу қабілетін қалыптастыру. Шығармашылық, сын тұрғысынан ойлай білу, әр түрлі жұмыс нысандарын ұйымдастыра отырып, дүниетанымдық ұғымды қалыптастыру: сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру. Білімнің білік пен дағдыға айналуы.

3

2

2

4

№5

1-3,9-11

Дүниетану материалдарының мазмұны және оларды іріктеу принциптерін. Дүниетану ұғымдары, оларды қалыптастыру жолдарын меңгереді. Дүниетану оқу материалының мазмұнын» «Қоршаған орта» және «Табиғаттану» пәндерінен ерекшелігін талдай, анықтай алу.

Оқыту әдістері, тәсілдері. Олардың классификациясы. Оқыту техно логиялары, оларды пайдалану жолдары, талаптар.

Оқыту әдістері мен тәсілдерін тиімді таңдау. Оқыту әдістері. Оқыту әдістерінің түрлері, оған қойылатын талаптар.

4

2

4

8

№6

1-3,7-10

Дүниетану пәнін оқыту әдістері мен тәсілдерін, оларды үйлесімді қолдану жолдарын.

1-модуль бойынша

15

7

12

23

 

 

 

Модуль 2. Оқыту нысандары, сабақ түрлері, оған қойылатын талаптар.

Дәстүрлі сабақтар, олардың ерекшелігі. Сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ құрылымы.

Сабақ типтері: кіріспе, қорытынды, топсеруен, сарамандық, зертханалық, аралас, заттық, олардың ерекшелік тері. Дәстүрлі емес сабақ түрлері: ойын, пікірталас, т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу әдістемесі, мұғалімнің сабаққа дайындығы.

7

3

4

7

№7

1-3,7-10

Дүниетану сабақ- тарының типтері және олардың құрылымын. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

 Сабақты құру.

Сабаққа жоспар түзу. Көрнекілік құралдар дайындау әдістемесін меңгереді.

Материалдық база. Пәннің мазмұнына байланысты жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері, оларды өткізудің әдістемесі.

Оқушылардың білімін пайдалана отырып, тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде, мектеп бөлмесіндегі тапсырмалар, тәжіри белер, бақылаулар жүргізу, оларды жинақтау, қорытындылау: жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері. Материалдық базаның маңызы. Сабақ көрнекілігі. Бөлме өсімдіктері-тірі табиғат бұрышы. Географиялық алаң. Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері.

6

3

4

7

№8

1-3,7

Көрнекі құрал- дардың эффекті лігі,классифи-

кациясы, оларды таңдай білу. Тірі табиғат бұрышы, географиялық алаң, тәжірибе алаңы, техникалық құралдармен жұмыс істеу ережелерін меңгереді.

Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары.

Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер. Оқушы білім-білік, дағдысын тексерудің әр түрлі жолдары: сөздік, сызықтық диктанттар, сигналды карточкалар, кесте, мылқау суреттер. Оларды пайдалаудың жолдары. Бағалауға қойылатын критерийлер, оларды жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.

1

1

2

5

№9

1-3,7

Оқушы білім-білігі, дағдысын тексеру дің жолдарын мең гереді.

Оларды пайдалау дың жолдарын, бағалауға қойыла тын критерийлерін үйренеді

Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері.

Кіші комплекті мектептердегі сабақтың ерекшеліктері. Кіші ком плектілі мектептерге арналған бағдарламалар. Сабақ түрлері. Материалдық база, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру жолдары.

1

1

1

3

№10

1-6

Кіші комплекті мектептердегі «Дүниетану» пәнінің оқыту ерекшелік тері, өздік жұмыс тарды ұйымдастыру жолдарын меңгереді.

2-модуль бойынша

15

8

11

22

 

 

 

Барлығы

30

15

23

45

 

 

 

 

3.1 Проблемалық жағдаяттар

Модуль 1.

1. Жаратылыстану пәнінің негізгі бағыты, өзіндік ерекшелігін қалай түсінесің?

2. Жаратылыстануды оқытуың тарихи кезеңдеріне сәйкес негізгі идеяларының құндылығы неде деп ойлайсың?

3. Пәні мазмұнының басқа пәндерден ерекшелігі неде?

4. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы дүниетану пәнінің ролі қандай?

5. Оқушының пәндік компитенттілігін қалыптастыру дегенді қалай түсінесің?

6. Дүниетану пәнінің өзіндік оқыту технологиялары тән дегенді қалай түсіндіресің?

Модуль 2

7. Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі формаларына не жатады?

8. «Материалдық базаның білім сапасын жетілдіруде ролі зор» -қалай дәлелдеп бересің?

9. Бала білімін тексерудің психологиялық талаптары дегенді қалай түсінуге болады?

10. Кіші  комплекті мектептердегі оқу процесінің ерекшелігі қандай?

3.2 Әр модуль бойынша лабораториялық сабақтардың  тақырыбы және реті

Модуль 1

1.1. Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендері, олардың ролі, маңызы

1.2. Дүниетану пәнінің мазмұнының ерекшелігі: өлі табиғат пен тірі табиғат байланысы; адамның органикалық дүниедегі орны, адамның қоғамдағы, отбасындағы орны, қоғамдағы байланыстар.

1.3. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің мазмұнындағы мүмкіндігін көрсету.

1.4. Шығармашылық, сын тұрғысынан ойлай білу, әр түрлі жұмыс нысандарын ұйымдастыра отырып, дүниетанымдық ұғымды қалыптастыру: сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау

1.5.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.

1.6. Оқыту әдістері мен тәсілдерін тиімді таңдау.

 1.7. Оқыту технологиялары, оларды пайдалану жолдары.

Модуль2.

2.1. Дәстүрлі сабақтар, олардың ерекшелігі. Сабақ құрылымы.

2.2. Сабақ типтері: топсеруен, зертханалық, аралас, заттық сабақтар, олардың ерекшеліктері

2.3. Дәстүрлі емес сабақ түрлері: ойын, пікірталас, т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу әдістемесі.

2.4. Оқушылардың білімін пайдалана отырып, тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы учаскеде орындалатын тапсырмалар, тәжірибелер, бақылаулар жүргізу.

2.5. Жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері.

2.6. Көрнекіліктерді кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері. Техникалық құралдармен жұмыс

2.7. Бағалауға қойылатын критерийлер, оларды жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.

2.8. Кіші комплектілі мектептерге арналған бағдарламалар. Сабақ түрлері.

3.3 Әр модуль бойынша ОСӨЖ  тақырыбы және реті

Модуль 1

1.1. В.Ф.Зуев -әдіскер оның әдістемелік ұсыныстары.

1.2. Кеңес дәуірі Н.К.Крупскаяның, К.П. Ягодовскийдің әдістемелік еңбектері.

1.3. Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер: ғылымилығы, дәйектілігі.

1.4. Мемлекеттік білім стандартын талдау (1-4 сыныптар)

1.5.Оқу бағдарламаларын талдау (1-4 сыныптар)

1.6. Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: санитарлы-гигиеналық тәрбие.

1.7. Дүниетанымдық білімнің маңызы, оны күнделікті өмірде қажеттілігі, әр түрлі құбылыстар аралығындағы байланысты көруге, білім біртұтастығын қалыптастыру негізінде оның маңыздылығын көрсету.

1.8. Ұғымдар жүйесін құрастыру, талдау  (1-4сынып оқулықтарынан)

1.9. Оқыту әдісі: баяндау, баяндауға мұғалімнің дайындығы

1.10. Оқыту әдісі: әңгімелесу, әңгімелесуге мұғалімнің дайындығы

1.11.Сөз білім көзі: әңгімелеуде,түсіндіруде,суреттеуге қойылатын талаптар.

1.12. Практикалық әдіс: тәжірибе  көрсетуге мұғалімнің дайындығы.

Модуль 2

2.13. Тақырыптық жоспар жасау (1-4сыныптар).

2.14. Кіріспе сабаққа сабақ жоспарын жасау.

2.15. Сарамандық сабақ жоспарын құру

2.16. Сабақ типтері: қорытынды сабақ жоспарын құру.

2.17. Жеке тапсырмалар жүйесін жасау (1-сынып үшін)

2.18. Топпен өткізілетін жұмыс жүйесін жасау (2-сынып үшін)

2.19. Сыныппен жүргізілетін жұмыс жүйесін жасау (3-сынып үшін)

2.20. Тірі табиғат бұрышы өткізілетін жұмыстар жүйесін жасау

2.21 Оқушының білім-білік, дағдысын диктанттар, кесте арқылы тексеру жолдары

2.22. Оқушының білім-білік, дағдысын сигналды карточка арқылы тексеру жолдары

2.23.  Кіші  комплекті мектептерде сабақ ерекшелігі.Сабақ жоспарын құру. 4-сыныпқа

3.4. Әр модуль бойынша СӨЖ  тақырыбы және реті

Модуль 1

1.1. Оқу пәні ретінде негізгі компоненттері

1.2.Д.Н.Кайгородов, В.В.Половцев  еңбектері.

1.3. Кеңес дәуірі И.И. Полянскийдің әдістемелік еңбектері.

1.4. Қазіргі кезеңдегі дамуы. П.П.Завитова, З.А.Клепининаның жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері.

1.5. ҚР-ның ғалым әдіскерлері-Т.Мұсақұлов, Б.В.Мұқановтың еңбектері

1.6. Дүниетану пәнінің мазмұны. Оқу пәнінің мазмұнындағы негізгі принциптер: жүйелілігі.

1.7.  Оқулықтар мазмұнын талдау (1-2 сыныптар)

1.8. Оқулықтар мазмұнын талдау (3- сынып)

1.9. Оқулықтар мазмұнын талдау (4- сынып)

1.10. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі  оқу пәнінің ролі.

1.11. Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: еңбекке тәрбиелеу.

1.12. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.1- сынып оқулығына  қатысты ұғымдар жүйесін түзу.

1.13. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.2- сынып оқулығына  қатысты ұғымдар жүйесін түзу.

1.14. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.3- сынып оқулығына  қатысты ұғымдар жүйесін түзу.

1.15. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.4- сынып оқулығына  қатысты ұғымдар жүйесін түзу.

1.16. Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі

1.17. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі, оған қойылатын талаптар.

1.18.  Әдіс түрлері: білім көзі, мұға лімнің оқытуы, оқушының білімді қабылдауы.

1.19. Сөз әдісінің көптүрлілігі, мәдениеттілігі.

1.20. Көрнекілік әдіс: табиғи көрнекіліктермен жұмыс

1.21. Көрнекілік әдіс: жасанды  көрнекіліктермен жұмыс, оған қойылатын талаптар

1.22. Оқулықпен жұмысты ұйымдстыру әдістемесі

1.23. Төменгі класс оқушыларымен кітаппен, бақылау күнделігімен, табиғат календарымен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру

Модуль 2

2.24. Тақырыптық жоспар жасау (1 -сыныпқа).

2.25. Тақырыптық жоспар жасау (2 -сыныпқа).

2.26. Тақырыптық жоспар жасау (3 -сыныпқа).

2.27. Тақырыптық жоспар жасау (4 -сыныпқа).

2.28. Қарапайым тәжірибелер жасау

2.29. Қалаға, ауылға, музейге, фермаға, жылыжайға,  экскурсия  жоспарын жасау.

2.30. Дәстүрлі емес сабақ түрлері:  сайыс т.б. сабақ түрлері, олардың маңызы, өткізу әдістемесі

2.31. Дүниетану пәнін оқытудың материалдық базасының тізбесін құрастыру.

2.32.  Тәжірибе алаңында ұйымдастырылатын жұмыс түрлерінің, тапсырмалардың жүйесін жасау

2.33. Оқу кабинетін (Жаратылыстану ғылымы бұрышын) жабдықтау әдістемесі

2.34. Оқу экраны және пайдалану технологиясы

2.35. Өлі табиғи көрнекіліктер топтамасы және оны қолдану технологиясы

2.36. Топпен ұйымдастырылатын 1 үйірме түрін таңдап, жоспарын жасау

2.37. Жеке орындалатын 1 тақырыптық бақылаудың жоспарын жасау

2.38. Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер.

2.39. Оқушы білім-білігі, дағдысын мылқау суреттер арқылы және т.б.әдістер арқылы тексеру.

2.40. Оқушы білім-білік, дағдысын бағалаудың жолдары

2.41. Оқушы білімін жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.

2.42. Үй жұмысын тексеру жолдары

2.43. Кіші комплекті мектептердегі өздік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.

2.44. Кіші комплекті мектептердегі материалдық базаның ролі.

2.45. Қазіргі кездегі кіші комплекті мектептердің жағдайы

4. Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ

4.1. Оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, лекциялар жинағы. сөздіктер және т.б.

       Негізгі әдебиеттер

1. Аймағамбетова Қ. Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. Алматы,2006.-248 б.

2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу құралы. .Шымкент. «Нұрлы бейне»,2008.- 148 б.

     Қосымша әдебиеттер

3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения естествознанию и экологическое воспитание в  начальной школе. Издательский центр «Академия»,1999.-96с.

4. Пакулова В.М.,Кузнецова В.П. Методика преподавание природоведения. М., Просвещение.1990 г

5. Аймағамбетова Қ. Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту. Алматы: « Мектеп»,1983

6. Бинас А.В., Шам Р.Д. «Биологический эксперимент в школе» М., «Просвещение»1999

7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары.Алматы,2000

8. Қ.Аймағамбетова., З.Ф.Олейник. Дүниетануға арналған үлестірмелі материалдар. Алматы. «Атамұра»,1998 ж

9. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетіл діру.Алматы. «Кітап»,1999

10. Минеева В.М. Внекласная работа по природоведению в начальных классах.-Минск: Нар.Асвета,1980

11. Жүнісова К., Аймағанбетова Қ., Олейник З.Ф. Дүниетануды оқыту әдістемесі.1-4 сынып. Алматы: «Атамұра»,1998   

4.2  Плакаттар,слайдтар,видео-телефильмдер, ЭВМ-ге арналған программалар (модуль бойынша толық аттары)

Модуль 1

№1.1. Сызба-кесте, мемлекеттік стандарт, бағдарлама,оқулықтар.

№1.2. Методист- ғалымдардың еңбектері,суреттері,сызба-кесте

№1.3. Кодоскоп,1—4 сынып оқулықтары ,мектеп бағдарламалары,стандарт

№1.4. Слайдтар,ашық сабақтың  кассетадағы үлгісі,кодоскоп

№1.5. Плакаттар, көркем суреттер, сызба-кесте, буклеттер, коллекциялар, кассета, теле-видеоаппаратура

№1.6. Сабақ үлгілері, сызба-кесте, бағдарлама, оқулықтар, қосымша әдебиеттер,слайдтар, кодоскоп

Модуль 2

№2.7. Сабақ үлгілері, сызба-кесте, бағдарлама, оқулықтар, қосымша әдебиеттер,слайдтар, кодоскоп, микроскоп, лупа, тәжірибе көрсетуге қажетті құрал –жабдықтар (пробиркалар, спирт шамы. колба, штатив)

№2.8. Слайдтар, кеспелер,кодоскоп, суреттер, глобус, карта,муляждар, препараттар, минерал  тастар және т.б табиғи көрнекіліктер.

№2.9. Табиғат бұрышының макеті,тәжірибе алаңының макеті,географиялық алаңның макеті,глобус, карта,муляждар, модельдер,препараттар,аппликациялар,коллекциялар,үйірме  бағдарламалары

2.10. Білім тексеруге арналған кеспелер,кестелер, таратпалы тапсырмалар үлгілері, сабақ үлгілері, көркем сюжетті суреттер, слайдтар

2.11. Сызба-кесте, мемлекеттік стандарт, бағдарлама,оқулықтар.

 

5. 2009-2010 оқу жылына арналған  оқу жұмыс бағдарламасына қосымша мен өзгертулер

Оқу жұмыс  бағдарламасына  мынадай өзгертулер енгізілді

1.__________________________________________________________

   __________________________________________________________

   __________________________________________________________

2.__________________________________________________________

   __________________________________________________________

   __________________________________________________________

3 ___________________________________________________

   ___________________________________________________

   ___________________________________________________

 Оқу  жұмыс  бағдарламасына енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде қаралып, бекітілген.

«____» _________200__ж.  Хаттама №______

Кафедра меңгерушісі:                                      Л.Т.Искакова

«____» _________200__ж.

Енгізілген өзгертулер келісілді:                     Б. Тілеубердиев

Институт директоры:

«____» _________200__ж.

Институт  ОӘК төрайымы:                              С.Тұрмаханова

«____» _________200__ж.